ТҮРКІСТАН АХМЕТ ЯСАУИ КОЛЛЕДЖІНДЕГІ КЕЗДЕСУ

Түркістан қаласындағы «Түркістан Ахмет Ясауи колледжі» басшылығының шақыруымен осы жылдың 23-ші қыркүйек күні колледж студенттерімен «Дүниеде достық заңынан асқан заң жоқ» тақырыбында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шоқан Надирбаевтың модераторлық етуінде ұйымдастырылып, өткізілген кездесуге қатысып, сөз сөйледім.
Осы іс-шараның тақырыбы негізінен адамдардың өзара достығы мен татулығына арналғандықтан,еліміздің басты ұстанымдары халық арасындағы ынтымақ пен бірлік, татулық пен достық, өзара сыйластық және қоғамдық келісім екендігі, кең байтақ жерімізде тұрып жатқан түрлі этностар да аталған ұстанымдарды биік қойып, бейбіт жағдайда тату-тәтті өмір сүріп жатқандығы және барлығымызға ортақ Отан — Қазақстан үшін аянбай еңбек етіп отырғандықтары жайлы айта келіп,жиынға қатысушы студенттерге өзім туралы өмірдеректерімнен қашан және қай жерде білім алғанымды, қай жерде және қандай қызметтерде жұмыс істегенімді, қазіргі кездегі қоғамдық жұмыстарым мен өмір ағысында кездескен және бүгінгі таңда жанымда жүрген достарым туралы мысалдар келтіре отырып, өз ойымды жеткіздім.
Сонымен қатар, студенттерге Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауларының арқасында Әділетті Қазақстан мен Жаңа Қазақстан құру мақсатында елімізде соңғы жылдары жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер мен осы бағыттағы алдымыздағы жүзеге асырылуға тиісті мақсаттар мен міндеттер жайлы түсіндіріп, жастардың басты міндеті — жақсы оқып, таңдаған мамандығының иесі болып,ел экономикасының өркендеуіне адал қызмет ете отырып, «Адал-адам, адал-еңбек, адал-табыс» қағидасының жүзеге асуына өз үлестерін қосатындықтары және ҚР әрбір азаматының Ата Заңымызды құрметтеп әрі бұлжытпай орындауымен қатар мемлекеттік тілді,яғни қазақ тілін білуі тиіс екендігі туралы айттым.
Кездесу соңында студенттер тарапынан болған сұрақтарға жауаптарын бердім.
Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ,
«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы