Вторник, 6 мая

РЕФЕРЕНДУМНЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРі ЖАРИЯЛАНДЫ

0
19
ҚР Орталық референдум комиссиясы (Орталық сайлау комиссиясы) бүгін жариялаған Жалпыұлттық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелеріне сәйкес референдумға дауыс беруге құқығы бар еліміздің жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамның дауыс беруге 7 миллион 820 мың 204 адамы немесе 63,66% қатысып, оның референдумға шығарылған мәселенің оң шешім табуын жақтап дауыс бергені 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады.

Референдум еліміздің барлық өңірлеріндегі азаматтардың саяси белсенділігін көрсетті.

Мысалы,Түркістан облысында жалпы саны 1 миллион 183 мың 663 адамның дауыс беруге 885 мың 415 адамы немесе 75.05 % қатысып, оның референдумға шығарылған мәселенің оң шешім табуын жақтап дауыс бергені 693 мың 766 адамды немесе 78,09% құрап отыр.

Мемлекет басшысы өзінің тілшілерге айтқан пікірінде: Референдум демократияның тиімді тетігі. Халқымыз қандай шешім қабылдаса, мемлекетіміздің түпкі байламы да солай болады»,- деген еді. Сонымен қатар, Президент бүгінгідей тағдыр шешті ойға келешекте осындай оқиғалар неғұрлым көп болса біздің халқымыз үшін, еліміз соғұрлым жақсы болады деп ойлайтындығын, өйткені халқымыз осындай өте маңызды мәселелер бойынша дауыс беру керектігін айтты.

«Халық қолдап дауыс берген атом электр станциясын кім салады, қай елге құрылысы сеніп тапсырылады?» деген көптің көкейінде жүрген сұрақтың бірі екендігін атап өткен Президент бұл оңай шешілетін мәселе емес екенін, сондықтан Үкімет талдау жасап, тиісті келіссөздер жүргізетіндігін, елімізде ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан құралған халықаралық консорциум жұмыс істеуі қажеттігін мәлімдеді.

Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ,
«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі және ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы

Leave a reply