ФАРАБТАҒЫ КІТАП ФЕСТИВАЛІ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Фараб» ғылыми-әмбебап кітапханасының үлкен залында осы кітапхананың ұжымы ұйымдастырған «Кітап Time 2024» Республикалық кітап фестифалінің аясында «Ғажайып кітап әлемі» атты керемет мәдени іс-шарасы өткізілді.
Кітап мерекесінің жиынында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Теология» факультетінің деканы Досай Кенжетай, «Түркістан Медиа-холдинг» ЖШС басқарушы директоры Тельман Бейсенов, жиынды ұйымдастырушы мекеменің бұқаралық көрмелік іс-шаралар өткізу секторының басшысы Пернегүл Нәлтаева, ҰОС соғысы ардагерлеріне теңестірілген еңбек және тыл ардагері, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Өтепберген Қуанышбаев, еңбек ардагері Хамза Пәйзіұлы, ақын Шаяхмет Қожахмет, журналист Роза Нарымбетова, «Оңтүстік фильм» мекемесінің директоры Райхан Нарикова мен осы жолдардың авторы сөйлеген сөздерінде бүкіл кітапсүйер қауымды, әсіресе жастарды, бүгінгі еліміздің барлық жерінде аталып жатқан кітап мерекесімен шын жүректен құттықтап, өздерінің барлық ізгі жақсы ниеттерін білдірді.
Осы кітап мерекесі аясында Пернегүл Нәлтаеваның өзі ұйымдастырып,жүргізуінде «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі, жас ақын Бауыржан Ерманмен сыр-сұхбат ретінде өте қызықты әңгіме өткізілді және ақын жиналған қауымға өзінің бірқатар өлеңдерін оқып берген соң, кітапхана арқылы жарыққа шыққан өлеңдер жинағын залдағы көрермендерге естелік ретінде таратып берді.
«Фарабта» өткен мәдени осынау іс-шара барысында «Алқоңыр» этнофольклорлық ансамблі «Адай», «Ақсауыт» күйлерін, «Яссы» би ансамблі «Әгугәй» және басқа да ұлттық билерді орындап,жиналған көрерменнің ықыласына бөленді.
Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі