МАРАТ ӘЗІЛХАНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ҚҰРЫЛЫМДАРЫ МЕН ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары — ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Түркістан облыстық ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесті.
Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева, облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахадыр Ирисметов, облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Нурия Загидуллина, облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Юлдаш Сұлтанов қатысты. Сондай-ақ кездесуде облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсенбаев, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Хамит Исахов болды.
Кездесу барысында Марат Алмасұлы жеке қабылдау өткізіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Басқосуда Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында айтқан міндеттері мен тапсырмаларын іске асыру, сонымен бірге жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге, жастарды патриотимзге тәрбиелеуге және 5 әлеуметтік кеселді алдын алуға бағытталған жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.
Сондай-ақ өңірлердегі этномедиацияны дамыту перспективалары, этномедиаторлардың бірлік пен келісімді нығайтудағы үлесі және 2024 жылдың IV тоқсанында өтетін Республикалық Этномедиация кеңесіне дайындық барысы талқыланды.
Мазмұнды жиында құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің басшылары жұмыс жоспарларымен таныстырды, Ассамблеяның әлеуметтік және қайырымдылық жобаларын іске асыруды талқылады, ҚХА-ның сессиясында қабылданған шешімдердің орындалуы туралы баяндады.
Кездесуде Марат Әзілханов Ассамблея өкілдеріне қоғамдағы татулықты, достық пен келісімді нығайтудағы жұмыстары үшін алғыс айтты.