БАЙЫПТЫ БАСТАМА – ҚУАТТЫ БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАДАМ

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері ретінде Түркістан қалалық маслихатының депутаты Самат Рысбековпен бірге Хамза мектебінің ұстаздар қауымымен кездесу өткізді.
Ұлағатты ұстаздармен еркін сипатта өткен жиында, атом электр станциясын салу туралы түпкілікті шешім барлық ықтимал тәуекелдерді және ел мүддесін толықтай ескере отырып қабылданатыны айтылды. Сонымен қатар, атом энергетикасын дамыту Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға және экономикалық өсу үшін тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні мәлімделді.
Халық қалаулылары ретінде Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға көмектесетінін, басқа мемлекеттерге саяси тәуелділікті арттыруға жол бермейтінін нықтап айттық. Станция салу бастамасы қазақстандықтардан қолдау табатын болса, оның құрылысында сыртқы тәуекелдерді барынша азайтуға және жоба қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сенімді халықаралық серіктестіктермен ынтымақтастықтың толыққанды тетіктері, сондай-ақ озық технологияларды қолдану қарастырылатынын түсіндіріп өтті.
Кездесуге қатысқан мұғалімдер атом энергетикасы еліміздің болашағын айқындайтын жоба екенін түсіне отырып, алдағы науқанда азаматтық ұстанымын білдіруге дайын екендіктерін жеткізді.