Вторник, 6 мая

КҮН ТӘРТІБІНДЕ — ЕЛ БІРЛІГІ

0
13
26 қыркүйек күні Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасы бастығының орынбасары Болат Жанәбіл модераторлық етуінде «Ішкі тұрақтылық — бірлік пен өркендеудің кепілі» тақырыбында семинар өтті және оның жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті директоры, т.ғ.к. Қайрат Анарбаев, Түркістан облысы аудандық және қалалық этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен мүшелері, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы құрылымдардың жетекшілері мен мүшелері, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облысы бойынша өкілдігінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы және мекемеге қарасты аудандық, қалалық филиалдарының басшылары мен мамандары қатысты.

Семнардың күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөйлеген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті директоры, т.ғ.к. Қайрат Анарбаев өздерінің жасаған баяндамаларында бірлік кез келген уақытта берекеге бастайтынын, қоғамда ұлтына қарай ерекшеленуге, оқшаулануға ұмтылған әрбір әрекетке, әсіресе,оның ішінде азаматтарды тіліне, ұлтына, дініне немесе мәдениетіне бола төмендетуге не болмаса кемсітуге мүлдем жол бермеу керектігін және сондай орта қалыптастыру маңызды екендігін атап көрсетіп, бұл орайда бүгінгі семинардың маңызының ерекшелігіне тоқталды, көп этностар мекендейтін еліміздің қандай да бір жетістігі ішкі бірлік жане тұрақтылықпен тікелей байланысты болғандықтан бұл бағыттағы жұмыста үнемі ізденіс үстінде болуымыз өте маңызды екендігін айтты.

Семинарға қатысушылар тақырып бойынша өзара пікір алмасып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салған соң модератор Болат Жанәбіл қорытынды сөзінде осы жиынға келген азаматтардың барлығына алғысын білдіріп, олардың әрқайсысына арнайы сертификаттар берілуін ұйымдастырды.

Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ,
«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы,Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы

Leave a reply