КЕЗЕКТІ ЖИЫРМА ЕКІНШІ СЕССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезекті жиырма екінші сессиясының отырысы өткізілді. Жиынға қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы төрағалық жасап, жиынды жүргізіп отырды.
Атаулы жиында қала әкімінің орынбасарлары Оразбеков Байдулла және Төлегенов Талғат, қалалық мәслихат депутаттары және дербес бөлім басшылары қатысты.
Сессия отырысында күн тәртібінде бес мәселе қаралды.
Қала әкімінің өзіне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы туралы есебі;
Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» мемлекеттік мекесіне жүктелген міндеттер мен функциялардың 2023 жылдың қорытындысы және 2024 жылдың есепті кезеңінде атқарған жұмыстары жөніндегі есебі;
Түркістан қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы» бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың 2023 жылдың қорытындысы және 2024 жылдың есепті кезеңінде атқарған жұмыстары жөніндегі есебі;
Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың 2023 жылдың қорытындысы және 2024 жылдың есепті кезеңінде атқарған жұмыстары жөніндегі есебі;
Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №12/44- VІІІ «Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Жиын соңында депутаттар тарапынан күн тәртібіндегі мәселеге байланысты біршама сұрақтар қойылып, ол өз деңгейіндегі жауаптармен толықтырылды. Көрсетілген мәселе бойынша ұсыныстар бірауыздан мақұлданып, шешім қабылданды.