ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ (ҚХА) ЖАНЫНДАҒЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСТЕРІНІҢ ЖАҢА ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕГІ ОТЫРЫСЫ

Бүгін Түркістан қаласында жаңадан салынған Достық үйінде Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұловтың модераторлық етуінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңестерінің «Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы» тақырыбындағы отырысы өтті.
Отырыс барысында:
— ҚХА төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жанындағы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов «Ақсақалдар кеңесі: Президент Жолдауын даналық арқылы жүзеге асыру»;
— Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының бастығы Ерлан Күзембаев «Түркістан — ынтымақ мекені»;
— Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов «Түркістан облысы ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің жұмыс тәжірибесі»;
— Қарағанды облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бекзат Алтынбеков «ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің «Адал азамат» арнайы жобасының негізгі мақсаттары мен міндеттері»;
— Ақтөбе облыстық ҚХА жаныдағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Роман Рахиев «Ұлттық құндылықтар — рухани байлығымыз»;
— Алматы қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төраға орынбасары Болат Оспанов «Қайырымдылық — жылы жүректен» тақырыптарында баяндамалар жасады.
Жиынға қатысқан ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің басшысы Ғалым Шойкин сөйленен сөзінде ақсақалдардың этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы рөлінің маңыздылығына тоқталып, олардың бұл іске қатысуы қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ықпал ететінін атап өтті.
Содан кейін еліміздің әр өңірінен келген ақсақалдар өз сөздерінде жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, ел бірлігін нығайту жолында халықпен, тиісті мемлекеттік құрылымдардың өкілдерімен кездесулер өткізіп отырудың маңыздылығы жөнінде ұсыныс-пікірлерін, ойларын ортаға салып, күн тәртібінің бағытындағы атқарып жатқан жұмыстарының нәтижелері жайлы айтты.
Осы келелі бас қосуда қорытынды сөз сөйлеген Марат Әзілханов: «Қазақстанның әр өңірінен келген абыз ақсақалдардың жаңадан салынған «Достық үйіндегі» отырысын өткізу — жақсылықтың нышаны екенін айта келе, бұл нысан барша түркістандықтар бас қосатын берекелі мекен- жайына айналатынына сенім білдіремін.
Қазақ қоғамында ақсақалдар -даналық пен әділдіктің символы. Олар бейбітшілік пен бірлікті сақтай отырып, ел арасындағы мәселелерді шешуде әділ төрелігін айтқан. Бүгін де сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл- кеңестеріңіз жастарға дұрыс жол сілтеп, тарихы ұлттық құндылықтарды, әділеттілікті олардың санасына сіңіруге септігін тигізе алады. Бұл орайдағы, бізге жүктелетін маңызды міндетіміз — адал азаматтарды тәрбиелеу. Президент айтқандай «Адал азамат» — бұл ең үздік қасиеттерге ие, адал еңбек етіп, табысқа жетіп, адалдық пен әділеттілікті бәрінен жоғары қоятын тұлға. Ақсақалдар кеңестерінің қызметінің аясында әрбір азаматтың санасына осы негізгі құндылықтарды тыңғылықты жеткізу біздің ең басты міндетіміз және қоғамдағы бес әлеуметтік кеселге қаосы жалпыұлттық күреске жұмыла қосылуымыз керек, Президент жариялаған жұмысшы мамандықтар жылы аясында, әр өңірде елге сыйлы еңбек адамдарының өмір жолын дәріптей отырып, жастарға кәсіби бағдар беріп, еңбексүйгіштікке үйрету біз үшін өте маңызды деді.
Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ,
«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі