ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ (ҚХА) ЖАНЫНДАҒЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСТЕРІНІҢ ОТЫРЫСЫ

Бүгін Түркістан қаласында ҚХА-ның жанындағы республикалық Ақсақалдар кеңестерінің семинар отырысы өткізіліп, онда еліміздегі этносаралық келісімді, бірлік ынтымақты сақтау және одан әрі нығайту бағытындағы мемлекеттік саясатқа қолдау көрсетіп, оны жүзеге асыруға Ассамблея ақсақалдарының қатысуын деңгейін көтеру жөніндегі өзекті мәселелер қаралды.
Семинардың жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, осы министрлік жанындағы қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, Ассамблея жанындағы этномедиация кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов пен Ассамблея жанындағы Ақсақалдар кеңесінің өңірлік мүшелері қатысып сөз сөйледі.
Олар сөйлген сөздерінде ақсақалдардың еліміздегі этносаралық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы атқарар рөлінің маңыздылығына тоқталып, олардың бұл іске қатысулары қоғамда бейбітшілік пен ынтымақты,татулық пен тұрақтылықты сақтауға өте зор ықпал ететінін атап өтіп, сонымен қатар, қоғамдағы негізгі ізгі құндылықтарды, прагматизмді, білімділікті және адами қасиеттерді құрметтеуді және этникалық тегіне, дініне және түріне қарамастан азаматтардың құқықтарының теңдігін қамтамасыз етудегі ақсақал ағаларымыздың атқарар рөлі де маңызды екендігіне назар аудара келіп, этномәдени бірлестіктердің мүшелері жастарды мемлекеттік тіл мен рәміздерге құрметпен қарау бағытында тәрбиелеуге, достық пен ынтымақ,келісім дәстүрлерін сақтау әрі жалпы азаматтық құндылықтарды дамытудағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ,
«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі