«ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

Қаламыздағы үлгілі, өнегелі отбасыларды көпшілікке танымал ету, халқымыздың рухани құндылықтарын жаңғырту, отбасы мәртебесін арттыру, келешек ұрпақтың көрегенді болып өсуіне ықпал жасау және ұлтымыздың жақсы адами қасиеттерін оның бойына сіңіруді мақсатында Түркістан қалалық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен қаладағы «Ұлы дала елі» кешенінде «Отбасы – ұлттың тірегі» атты отбасылар арасында байқау өткізілді.
Байқаудың әлеуметтік желілердегі алдын ала жарияланған ережесі мен шартына сәйкес байқауға қатысуға қаламыздағы тұрғын үй алқаптарынан алты отбасы өтінім білдірген.
Алдымен әр отбасының үй жағдайында дайындаған ұлттық тағамдары жайылған дастархан үстіне қойылған соң қазылар алқасының бағалауына ұсынылды.
Кешеннің үлкен залындағы байқауды тамашалауға келген қалалық әжелер алқасының мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысуында осы іс-шараны ашылу рәсімінде Түркістан қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев құттықтау сөзін сөйлеп, байқауға қатысушы отбасыларға сәттілік тіледі.
Байқауға құрамында қала жұртшылығына белгілі ұстаз, ҚР білім саласының үздігі, зейнеткер Зағира Мұстапаева, ұстаз, ҚР білім саласының үздігі, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының 2015 жылғы жеңімпазы,зейнеткер Саракүл Таңғатарова мен ҚР білім саласының үздігі,тарих ғылымдарының кандидаты, Түркістан қаласының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Баян Садыққызы бар қазылар алқасы төрелік жасады.
Сонымен, таныстыру, өнер сайысы, ас мәзірі және бата беру сынды сайыстардың тұратын байқауға бақтарын сынау үшін Сұлтанбековтер, Кәрібаевтер, Жұмановтар, Джумадуллаевтар, Әбеновтер және Басықараевтар отбасы мүшелері қатысты.
Тартысты өткен байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімі нәтижесінде Бас жүлдеге Кәрібаевтер отбасы ие болды,, бірінші орын Сұлтанбековтер отбасына, екінші орындар тиісінше Жұмановтар мен Джумадуллаевтар отбасына,ал үшінші орындар тиісінше Әбеновтер мен Басықараевтар отбасына беріліп,жеңімпаз отбасыларға өздерінің алған орындарына қарай белгіленген ақшалай сыйлықтар мен Түркістан қаласы әкімінің дипломдары табысталды.Байқауға әділ төрелік еткен қазылар алқасының құрамы да тиісті марапаттарға ие болды.
Отбасы байқауын өткізу барысында Түркістан қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздары қазақтың ән- күйлерін шеберлікпен орындап,билерін билеп көрерменнің қошеметіне бөленіп отырды.
Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ.
«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі