Вторник, 6 мая

«ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРЫМ» МӘДЕНИ-СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

0
18
1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай қасиетті қаламыздағы Қ.А.Ясауи кесенесінің жанындағы Этноауыл аумағында Түркістан қаласының әкіміне қарасты мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазыналы қарттарым» атты мәдени-спорттық іс-шарасы өткізілді және оның ашылу салтанатында Түркістан қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев сөз сөйледі.

Этноауылға жиналған қала жұртшылығы аға буынды аталарымыздың арасында өткізілген «Қыдыр дарып, бақ қонсын — тілек айту» атты бата айту және аяулы апа- әжелеріміздің арасында өткізілген «Салтым — асыл қазынам» атты ұлттық-салт дәстүрлерімізді дәріптеу сайыстарын тамашалады.

Аталған екі сайысты да әділ қазылар алқасы бақылап отырды және оның шешімі натижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, қала әкімінің атынан арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Осы мәдени-спорттық іс-шара барысында аталарымыз бен апаларымыздың арасында өткізілген шахмат пен дойбы жарысына ұйымдастырушы мекеменің таңдауымен әділ қазылық жасау қызметін атқардым.

Жалпы, шахмат пен дойбы сайысының ақтық сынына осы екі спорт түрінен бес адамнан шықты. Шахмат тақтасында тартысты әрі қызықты өткен сайыста бірінші орынды ардагер ағамыз Ерсін Жарқынбек иеленсе,екінші орынды Зауыржан Каликулов пен Назарбек Аханов,ал үшінші орынды Мәрия Досыбекова мен Набихан Атабаев өзара бөлісті.

Сонымен қатар, дойбы тақтасында да тартысты сайыс өтіп, оның нәтижесінде бірінші орынды ардагер Хамза Пәйзіұлы, екінші орынды Сенбек Дүйсекбай мен Ержан Файзиев,ал үшінші орынды Ералы Баймурзаев пен Ғалымжан Сихымов иеленді.

Аталған жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қала әкімінің атынан арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Қарттар күніне арналған мәдени-спорттық іс-шараны өткізу барысында Түркістан қалалық Мәдениет үйінің басшысы Лиза Төлегенқызы өнерпаздары өздерінің осы күнге арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын жұртшылықтың назарына ұсынып, қошеметке бөленді.

Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ,
«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы

Leave a reply