Deprecated: Required parameter $type follows optional parameter $index in /var/www/vhosts/turan-orkeniety.kz/httpdocs/wp-content/plugins/rubik-sidebar-generator/render.php on line 462
Б.САТТАРХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХІХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАУ АЛДЫ — Turan-orkeniety.kz

Б.САТТАРХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХІХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАУ АЛДЫ

0
22
2024 жылдың 27 қыркүйек пен 01 қазан күндер аралығында Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Балуан Шолақ спорт кешенінде Түркістан қаласы және Отырар ауданының «Құрметті азаматы» қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш олимпиада жеңімпазы, ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы ХІХ Халықаралық турнирі бастау алды. Жарыста 15 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасатын болады.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Қырықбаев Мекенхан Қозыханұлы және Түркістан қаласының мәслихат төрағасы Ғ.Сарсенбаев қатысып, сөз сөйлеп жарысты ашып берді. Сондай ақ Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Шойбекова апамыз сөз сөйлеп жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа Өзбекстан Республикасы, Қырғыстан Республикасы, Шымкент қаласы, Тараз қаласы, Ақтау облысы, Маңғыстау облысы, Ақтөбе облысы, Алматы қаласы, Астана қаласы, Қызылорда облысы, Қазалы қаласы, Жаңаөзен қаласы, Жезқазған қаласы, Ұлытау облысы, Сәтбпаев қаласы, СҚО, және Түркістан облысы, Түркістан қаласынан жалпы 300 ге жуық спортшы қатысуда.

Leave a reply