Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ РЕКТОРЫНЫҢ ЕСЕБІ

Бүгін Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Мәдениет сарайының мәжіліс залында университеттің ректоры Жанар Темірбекованың 2023-2024 оқу жылында атқарылған іс-шаралар мен алдағы жұмыс жоспарлары және бағыттары жайлы оқу ордасының ұжымы мен қоғам алдындағы есеп беру жиыны өтті.
Жиынға Түркістан облысы мен қаласының құрметті азаматтары, облыс және қала әкімдігінің өкілдері,зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық Ақсақалдар кеңесінің мүшелері,масс- медиа өкілдері, университет ұжымы мен студенттер қатысты.
Университет ректоры барлық ардагер аталар мен араларды бүгінгі Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, өзінің шынайы әлі ыстық лебіздегі ниеттерін білдірді.
Жанар Темірбекова жасаған баяндамасында,ең алдымен, жиынға қатысушыларды университеттің жаңғырған миссиясы және алда тұрған стратегиялық мақсатымен таныстырған соң,өткен оқу жылында академиялық, ғылым, медицина, әлеуметтік, шаруашылық және өзге де бағыттарда атқарылған ауқымды шаралар туралы ашық ақпараттарды берді.
Осы жиынның барысында ректордың баяндамасына оң бағаларын беріп,пікірлерін білдірген бірқатар зиялы қауым өкілдерінің сөздерін қорытындылаған облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов өз тарапынан Жанар Темірбекова басқарып отырған университет ұжымы мен басшысына барлық жақсы ізгі ниеттерін айтып, университеттің өркендей беруін тілеп, ақ батасын берді.
Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ,
«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы