ҚАРТТАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУ

Бүгін, 1 қазан — Халықаралық қарттар күні киелі Түркістан қаласындағы жаңадан бой көтерген Достық үйінде облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың модераторлық етуінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының Түркістан облысының ардагерлерімен және зиялы қауым өкілдерімен кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында облыс әкімі жиынға қатысушы ардагерлер мен зиялы қауым өкілдерін мерекелерімен шын жүректен құттықтап,оларға барлық ізгі тілектерін айтқан соң, облыстың қазіргі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, оны жақсарту бағытында атқарылған және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстардың жоспарымен таныстырып, халықтың,оның ішінде ардагерлер мен қарттардың тұрмыстық жағдайының жақсаруына бағытталған іс-шаралар жайлы айтты.
Жиында сөйлеген бірқатар ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері Мемлекет басшысы Түркістан облысына жасаған сапары кезінде өңір басшысы Дархан Амангелдіұлының жұмысына оң баға бергендігі мен жалпы облыстың даму қарқынына ризашылық білдіргенін айтып,Түркістан облысының жағдайын бұдан жоғары деңгейге көтере беру мақсатында өңір басшысына аянбай еңбек ете беруіне тілектестіктерін жеткізіп,осы бағытта әрқашан қолдау жасайтындықтарын білдірді.
Кездесу соңында мерекеге орай облыс әкімі бірқатар белсенді ардагерлер мен зиялы қауым өкілдерін өз құзырымен марапаттады.
Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ,
«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, облыстық ҚХА жанындағы. Медиация кеңесінің төрағасы