Вторник, 6 мая

«ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

0
23
Сенбі күні киелі Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтіп,осынау тазалық пен ұқыптылықты насихаттайтын іс-шараға қаланың барлық мекемелерімен бірге ардагер ағамыз Жұмаділоә Кішібаев бастаған «Түркістан қалалық ақсақалдар алқасы» атты қоғамдық бірлестігінің де мүшелері белсене қатысты.

«Таза Қазақстан» акциясының аясында осы бірлестіктің мүшелері Нәлібаев Тұрғанбай мен Ғалия Қалдыбекова және Маржан Құдайбергенова мен Зейне Сейсекеева басқарған әрқайсысы 12 адамнан топтар тиісінше өздеріне бекітілген «Шауғар» және «Отырар» тұрғын үйлер алқабтарының аумағында орналасқан көше бойлары мен су арықтарын қоқыс- қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізіп, қала тазалығына өз үлестерін қосты.

Leave a reply