ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАДА ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЛҚОБЫЗЫ

Облыс орталығының Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында Түркістан қалалық орталық кітапханада «Түркістаным — мекенім киелісің!» атты кітап көрмесі ашылуымен қатар осы жерде нағыз сегіз қырлы, бір сырлы ұстаз, қобызшы,ақын әрі анші Ақбота Бердалиевамен кездесу ретінде оның шығармашылығына арналған «Тербететін жанымды, Түркістаным ән-жырым» атты поэзиялық кеші өткізілді.
Кездесу кешіне қатысқан зиялы қауым өкілдері мен кітапхана оқырмандары, саябақтағы «Белсенді ұзақ өмір салты» орталығының емделушілері мен кітапханашылардың алдында сөз сөйлеген Ақбота Бердалиева өзінің өмір жолы жайлы айта келіп, қазақтың рухани жәдігерлерінің бірі және ата-бабадан аманат болған бай мұрасы-қобыз тартуды қалай үйренгенін,оны ел арасында қалай үгіттеп-насихаттап жүргендігін,өзінің қобызда ойнау өнерін үйрету бойынша шәкірттер дайындау барысы жайлы мәліметтер беріп, өзі қазақтың қыл қобызында әр түрлі аңдар мен құстардың үнін салып шеберлігін ортаға салған сон орындаған бірнеше күйлерін көрерменнің назарына ұсынып,оның қошеметіне ие болды.Сонымен қатар,Ақбота әнші ретінде бірнеше танымал әсем әндерді домбырамен өзі шырқаса, оның Зибагүл есімді құрбысы «Жолыққан қандай жақсы» әнін тамаша орындап берді.
Осы мәдени іс-шараға қонақ ретінде шақырылған еңбек ардагерлері Хамза Пәйзіұлы, Ерсін Жарқынбек, Раушан Сержанова, Сенбек Дүйсекбай, осы жолдардың авторы және Түркістан каласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің меңгерушісі Гүлзада Малдыбекова,орталық кітапхананың жауапты қызметкері Жансұлу Журкаева сөйлеген сөздерінде бүгінгі кеш иесін шын жүректен құттықтап, оған алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілеген соң, ардагер ағамыз Ерсін Жарқынбек ақ тілекті батасын берді.
Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ,
«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі