ХАЛҚЫНЫҢ АДАЛ ПЕРЗЕНТІ

Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» кешенінде еліміздің біртуар ұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың туғанына 120 жыл толуына орай Түркістан қаласының Мәдениет бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев және осы бөлімге қарасты Мәдениет үйінің директоры Лиза Төлегенқызы жоғары деңгейде ұйымдастыруы мен модераторлық еткен Жасұлан Тұрғанбаевтың басқаруында «Халқының адал перзенті» атты мәдени-танымдық шара өткізілді.
Шара барысында жиналған қауымға алдымен ардақты атамыздың өмір жолы жайлы «Нұртас Оңдасынов» атты бейнежазбасы көрсетілген соң, қалалық Мәдениет үйінің жанындағы «Шұғыла» атты халықтық мәдени-үгіт тобы Нұртас Оңдасыновтан мирас болып қалған «Үш тазалық» даналық сөздерін оқыды:
Біріншіден, қаншама жыл қолымда билік болса да, біреуден бір тиын да пара алмадым — Қолым таза!
Екіншіден, үштіктің бірі болып, біреудің сыртынан қол қойған емеспін, яғни, ешкімнің қаны мойынымда жоқ — Арым таза!
Үшіншіден, адамдарды атаға, руға, жүзге бөлген де, тіптен ешкімнің ешқашан жүзін сұраған да емеспін — Жүзім таза!
Тағдыр маған ел басқаруды, халық үшін қам жеуді сыйлапты. Ондай сый алған адам өз отбасының мүддесінен гөрі ел, халық мүддесін жоғары қою керек. Ел басқару білгенге-мехнат, білмегенге қанағат. Жиында сөйлеген «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева, Нұртас Оңдасынов атындағы музей меңгерушісі Ұлбосын Әзіретбергенова және басқа да азаматтар өз сөздерінде өскелең ұрпақ пен жастар Нұртас атаның жеті ерлігі туралы білулері керектігін, атап айтқанда, ол елімізде бірінші болып суармалы жер көлемін көбейту мәселесін көтергенін, Қызылқұм өңірін суландыру мақсатында Шардара су қоймасын салуды бастағанын, Маңғыстаудағы мұнай көзін ашқандығын, Ұлутас жерін алғаш рет құрылыс материалы ретінде қолданысқа ендіргенін, Мәскеуге барып Самарқан кентін металлургтер қаласы етіп бекітуді сұрағанда,алайда Мәскеудегілер Өзбекстанда да Самарқан қаласы барын еске салғанда, Нұртас атамыз сол заматта қазақтардың металды темір дейтінін, ал болашақта темірді тау-тау етіп өндіретіндігімізді айтып, темір сөзіне тау сөзін қоссақ қалай болады деп сұрағанын және содан кейін Самарқан кенті Теміртау болып атанғанын, сөйтіп, қазіргі Теміртау металлургия зауытының негізін қалағанын, батыс аймақтарға алғаш рет көкөніс ектіргенін, еліміздің Ғылым академиясының жеке шаңырақ болып ашылуына тікелей әсер еткенін, Ұлттық консерваторияны ашқанын, ұлттық өнеріміз ақындар айтысын жаңғыртқанын жас ұрпақ біліп қана қоймай, осы ерліктерді жадында сақтауға міндетті екендіктері жайлы айтты.
Мәдени-танымдық шара кезінде Мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламасы көрерменнің көңілінен шығып,ыстық ықыласқа ие болды, әсіресе, «Яссы» халықтық би ансамблінің «Өрлеу» биі, Ұлжалғас, Райым, Кеңес, Айдар мен Дананың тамаша орындауларындағы «Қазақтың баласы», «Мәңгілік ел», «Ағаларым», «Жалғызым қазақ», «Қазақстан» әндері жұртшылықтың ілтипаты мен қошеметіне бөленді.
Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі