Deprecated: Required parameter $type follows optional parameter $index in /var/www/vhosts/turan-orkeniety.kz/httpdocs/wp-content/plugins/rubik-sidebar-generator/render.php on line 462
1 ҚАЗАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ ҮЛКЕН ДӘРЕЖЕДЕ АТАЛЫП ӨТТІ «ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРЫМ» АТТЫ СПОРТТЫҚ САЙЫС — Turan-orkeniety.kz
Вторник, 6 мая

1 ҚАЗАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ ҮЛКЕН ДӘРЕЖЕДЕ АТАЛЫП ӨТТІ «ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРЫМ» АТТЫ СПОРТТЫҚ САЙЫС

0
13
Халықаралық қарттар күніне орай, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын насихаттау, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, спортқа деген қызығушылығын арттыру, қазынаға толы ата-әже өнегесін кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған «Қазыналы қарттарым» спорттық жарыс өтті. Жарысқа қатысуға дойбыдан 5 үміткер, шахматтан 7 үміткер аталарымыз өтінім білдірген.

Ата – бабамыздан қалған ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын насихаттау, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған жарысқа қазылар алқасының құрамы бекітілді. Ол, Бейсембаев Бақытжан Жармаханұлы — «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы,Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі және облыстық Медиация кеңесінің төрағасы, Түркістан қаласының Құрметті азаматы.

«Этно ауыл» аумағында ұйымдастырылған «Қазыналы қарттарым» спорттық жарысында аталарымыз спорт түрлері дойбы мен шахматтан өз кезектерімен жарысып, өнерлерін көрсетті. Аталарымыздың спорттық өнерін арнайы тағайындалған қазылар алқасы құрамы саралап, бағалады.
Жарыстың қорытындысына келер болсақ

ДОЙБЫДАН:

— Отырар секторынан — Пәйзіұлы Хамза — І орын.
— ІІ орынды Яссы секторынан — Дүйсекбай Сенбек, Яссы секторынан Файзиев Ержан Хамзаұлы аталарымыз алса,
— ІІІ орынға Баймұрзаев Ералы мен Сихимов Шауғар секторынан Ғалымжан Бахытжанұлы иеленді.

ШАХМАТТАН:

— І орын — Отырар секторынан – Жарқынбек Ерсін;
— ІІ орынды — Каликулов Зауіржан мен Отырар секторынан Аханов Назарбек алса,
— ІІІ орынға Досыбекова Мария Сартайқызы мен Сауран секторынан Атабаев Набихан иеленді.

Халықаралық қарттар күніне орай «Қазыналы қарттарым» спорттық жарысы өз мәресіне жетіп, барлық жүлдегерлер қаржылай сияпатпен және қала әкімінің дипломымен марапатталды. Өнерлі аталарымызды бағалаған қазылар алқасының құрамы да марапатталды.

Этно ауылда өткен байқауды тамашалауға қала тұрғындары, әжелер алқасының мүшелері мен қаламыздың зиялы қауым өкілдері қатысты.

Сайысқа келген қатысушылар мен көрермендер алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен тарасты.

Leave a reply