Вторник, 6 мая

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР!

0
17
Еліміздің білім саласында еңбек етіп,қазіргі кезде зейнеткерлікке шыққан және бүгінгі таңда осы салада аянбай еңбек етіп келе жатқан барлық ұстаздарды 5 қазан — Мұғалім күнімен, яғни кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап,ізгі ниеттерін білдіре отырып, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігі Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық шабыт, толағай табыс, отбасыңызға амандық, ынтымақ пен бірлік, құт пен береке, шаттық пен қуаныш тілейді.

Отанымыздың жарқын болашағы үшін, Жаңа және Әділетті Қазақстан үшін білім мен тәлім-тәрбие беріп отырған шәкірттеріңіз әрқашан еліміздің алға қойған мақсаттарының биіктерінен көрініп, Сіздердің мерей-мәртебелеріңіздіі жоғары көтере берсін.

Еңбектеріңіз жемісті болсын!

Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан облысоғамдық кеңес мүшесі, облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы

Leave a reply