ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ІІО АРДАГЕРЛЕРІ КЕҢЕСІНІҢ АЭС САЛУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ЖИЫНЫ ӨТТІ

Түркістан қалалық ішкі істер органдарының ардагерлері кеңесінің мүшелері елімізде атом электр стансасын салу мәселесін талқылауды күн тәртібіне қойған жиынында модератор-кеңестің төрағасы, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің мүшесі, қоғамдық медиатор Батырхан Сансызбаев қатысушыларға ҚР Президентінің ағымдағы жылдың 2 қыркүйегіндегі Жолдауынан туындайтын мақсаттар мен міндеттер жайлы түсіндіре келіп, Мемлекет басшысының сол күнгі Жарлығымен елімізде атом электр стансасын салу жөніндегі мәселе бойынша жалпыұлттық референдум өтетіндігін жеткізді және ардагерлерді референдумға бір кісідей белсенді түрде қатысуға шақырды,себебі әрбір азаматтың дауысы маңызды екендігін атады.
Жиын барысында сөйлеген ҚР ІІО құрметті ардагері, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің мүшесі, қоғамдық медиатор Есалы Нұржанов және осы жолдардың авторы өз сөздерімізде Ел Президенті Жолдауының негізгі бағыт-бағдарына тоқталып, алдымыздағы жексенбіде өткелі отырған жалпыұлттық референдумға шығарылып отырған елімізде атом электр стансасын салу мәселесі мен атом электр стансасына қойылатын негізгі талаптар қауіпсіздік шаралары, экологиялық қауіпсіздік, экономикалық тиімділік, құрылыстың сапалы болуы, мамандар дайындығы және т.б. өзіміздің ой-пікірлерімізді айттық.
Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі және облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы