«ҚАЖЫМҰҚАН» ФИЛЬМІ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ
Бүгін Түркістан қаласындағы «Prime Cinema» кинотеатрында премьерасы болған режиссер Қанағат Мұстафиннің тарихи тұлға — Қажымұқан атамызға арнап түсірген «Қажымұқан» атты фильмін көріп,шынында, өте қатты әсер алдым.
Фильм Қажымұқанның нағыз тұлға екендігін, оның қайсар мінезді батырлығы мен кең пейілді адамгершілігін паш ете отырып, өскелең ұрпақ пен жастарды осындай адами қасиеттерге тәрбиелеуге, отансүйгіш пен ұлтжанды азаматтар болуға баулиды.
Фильмде басты рөлді «ALQA» радиосының бағдарлама жүргізушісі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, театр және кино актері Әділ Ахмет ,ал оның келіншегын жас актриса Жазира Ерсін сомдаған.
Қазақтың кино өндірісінде еліміздің кешегі және бүгінгі тарихи тұлғаларымыз бен әйгілі азаматтарымызға арналған кинолардың көптеп түсірілуі үрдіске айналса дұрыс болар еді,өйткені осы тұлғаларды танып-білудің арқасында барлығымыздың еңсеміз әрқашан жоғары көтеріліп, рухымыз биіктей түсетіні анық.
Міне, бүгін «Қажымұқан» фильмі отандық көрерменге жол тартып отыр. Отанымыздың кино өнеріне қызу қолдау көрсете отырып, «Қажымұқан» фильмін көрейік.
Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ,
Түркістан облысы Қоғамдық кеңес мүшесі, Түркістан облысы ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы