ТҮРКІСТАН: «ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ӨРКЕНДЕУ» ҚОРЫ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Белсенді өмір сүру орталығы» ғимаратында «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық Қорының Түркістан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Адал еңбек – игілікті қоғам» атты іс-шара болып өтті. Басқосуға аталған Қордың өңірдегі жетекшісі Әдемау Толысбаева, Қор жақтасы журналист, «Turkistan Media» ЖШС-ң атқарушы директоры Тельман Бейсен, Қордың сарапшы маманы Амангелді Қалыбек, қала ардагерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында Түркістан өңірінде әр салада өнімді еңбек еткен еңбек ерлері, ардагерлер Қор атынан алғыс хатпен марапатталып, сый-сыяпат жасалды. Олардың қатарында ардагер ұстаз Сауырбай Қожаханов, ардагер құрылысшы Қожамберді Қиямбеков, ардагер теміржолшылар Кеңес Мәрсәліұлы мен Дәулеткерей Оспанов, ардагер тракторшы Дариға Ботабекова, ардагер тігінші Назипа Ысқақова, Қр. мәдениет қайраткері, Түркістан қаласы әйелдер алқа төреайымы Ұлжан Әбенқызы, Құрмет орден иегері, ғалым, тарихшы Баян Адырбек, зейнеткер іс-жүргізуші Әлия Ламашарипова, әлеуметтік психолог, маман Әсел Жүзбайқызы сынды сала ардагерлері бар.
Кездесу соңында Түркістан қаласының ардагерлерінен құралған өнерпаз ұжымдар өз өнерлерін ортаға салып, жиылған қауымға көтеріңкі көңіл сыйлады. Өз кезегінде еңбек ардагері Кеңес Мәрсәліұлы, мәдениет саласының ардагері Ұлжан Әбенқызы,, ғалым, тарихшы Баян Адырбек «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық Қорының қолға алған шарасына барша ардагерлер атынан алғыс айтып, сәттілік тіледі.